15 Мамыр, 2010

АРНАЙЫ ӨКІЛ БІШКЕККЕ АТТАНАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“ЕҚЫҰ-ның Еуразиялық өлшемі” атты Трансазиялық парламенттік форумы аясында ЕҚЫҰ-ның Қырғызстан мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен жүздесті. Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының және БҰҰ-ның дипломатиялық қызметтің аймақтық орталығының арнаулы өкілі Мирослав Йенча қатысты. Кездесуде парламентаралық ынты­мақтастық және Қырғызстандағы жағдай сөз болды. Бүгін ЕҚЫҰ-ның Қырғызстан мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Ж.Кәрібжанов Бішкекке аттанады деп жоспарланып отыр. “Егемен-ақпарат”.