Ведомство болжамына сәйкес, құм мен шаң Шыңжаң-Ұйғыр және Нинся-Хуэй, Ішкі Моңғолия автономиялық өлкелеріне, сондай-ақ Ганьсу, Цинхай, Шэньси, Хэбэй және Шаньси провинцияларының кей аймақтарына төніп келеді.
Атап айтқанда, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі мен Ішкі Моңғолияның кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.
Ұлттық метеорологиялық орталық аталған аймақ тұрғындарына қатты жел мен шаңды дауылға қарсы шара қабылдауға кеңес берді, ал көлік жүргізушілеріне жол дұрыс көрінбейтініне дайын болуды ескертті.
Қытайда ауа райының қолайсыздығына қатысты ескертудің 4 түсті жүйесі бар. Ең қауіпті жағдайда қызыл түс, одан кейінгі кезекте қызғылт, сары, көк түспен белгіленеді.