Қоғам • 24 Наурыз, 2022

ТМД елдерінде аса ауыр қылмыс жасаған 39 қазақстандық ұсталды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп «іздестіру» операциясын жүргізді, оның барысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан 39 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД елдерінде аса ауыр қылмыс жасаған 39 қазақстандық ұсталды

Ведомствоның хабарлауынша, Ресей Федерациясының Хабаровск аймағында қылмыстық іздестіру қызметкерлері 2015 жылдың тамыз айынан бастап ұрлау мен кісі өлтіруге қатысқаны үшін іздеуде жүрген Теміртаудың 36 жастағы тұрғынын ұстады.

Сонымен қатар Ташкентте Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталды, оған наурыз айынан бері Сарыағаш қаласының кәсіпкерінен 25 млн теңге бопсалағаны үшін іздеу жарияланған.

Тәжікстандағы Соғды облысында 2019 жылдың қазан айында кафеде кісі өлтіргені үшін Шымкент полиция департаменті іздестіріп жатқан Қазақстанның 27 және 30 жастағы азаматтары ұсталды.

Самара облысының Тольятти қаласында 39 жастағы ер адамды Павлодар облысы ПД іздестіру тобы ұстады. Күдікті 2020 жылдың маусым айында «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізу жолымен қайталанған транзакциялар жасай отырып, 294 млн теңге ұрлаған.

10 күнге созылған арнайы операцияның қорытындысы бойынша республикадан тыс 39 іздеуші анықталып, ұсталды. Атап айтқанда Ресейде – 23, Өзбекстанда – 8, Қырғызстанда – 4, Тәжікстанда, Польшада, Монғолияда және Латвияда – бір-бірден.

Сонымен қатар ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша 152 адам ұсталды. 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50