Әлем • 24 Наурыз, 2022

Португалияда Қорғаныс министрі қызметіне әйел адам тағайындалды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Португалияның Премьер-Министрі Антониу Кошта ел үкіметінің жаңа құрамын таныстырды. Осылайша, ел тарихында алғаш рет Ұлттық қорғаныс министрлігін әйел басқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Португалияда Қорғаныс министрі қызметіне әйел адам тағайындалды

Португалия Президентінің веб-сайтында жарияланған тізімге сәйкес, атқарушы билікті Премьер-Министр және 17 министр ұсынады. Олардың 9-ы – әйел, оның ішінде Ұлттық қорғаныс министрі – Элена Каррейрас та бар.

Португалияның жаңа үкіметін ұлықтау рәсімі келесі аптада өтеді.

Элена Каррейрас 1965 жылы Португалияның Порталегри қаласында дүниеге келген. Ол әскери әлеуметтану маманы, НАТО Қарулы Күштеріндегі гендерлік интеграция саясаты туралы диссертация қорғаған. 2019 жылдың шілдесінде Каррерас Ұлттық қорғаныс институтын басқарды, ол осы лауазымда да алғашқы әйел адам болған.