Спорт • 25 Наурыз, 2022

Велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталды.

Қазақстан құрамасы командалық жарыста құрлықтық біріншіліктің алтынын жеңіп алды.

Команда құрамында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Назаров және Евгений Гидич өнер көрсетті. Велошабандоздар 24 км қашықтықты 26 минут 48.933 секундта бағындырды.

Жарыс қорытындысы бойынша Моңғолия құрамасы екінші, ал Иран құрамасы үшінші болды.