Қоғам • 25 Наурыз, 2022

Елімізде майнинг фермалары бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың майнинг фермалары бойынша берген тапсырмасы орындалуда. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде майнинг фермалары бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды

АЙТЫЛДЫ: «Барлық майнинг фермаларын анықтап, салық және кеден мәселелерін тексеру, сонымен қатар шарттардың берілуіне негіз болған техникалық талаптар мен қызметтің басқа да аспектілерін зерттеу қажет».

ОРЫНДАЛДЫ: - 51 майнинг ферманың заңсыз қызметіне тосқауыл қойылды, 55 ферма қызметін өздігінен тоқтатты;

- техникалық талаптарсыз олардың энергия қуаты көздеріне заңсыз қосылу, арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында рұқсатсыз орнатылу, сондай-ақ салық және кеден төлемдерінен жалтару деректері анықталды;

- 25 қылмыстық іс қозғалып, құны 100 миллиард теңге болатын 67 мыңнан астам құрал-жабдық тәркіленді;

- қабылданған шаралар еліміздегі электр қуатын тұтынуды 600 мегаватқа дейін төмендетуге мүмкіндік берді;

- майнинг пен цифрлық активтерді нормативтік реттеу ісі қатаңдатылды.