Қазақстан • 26 Наурыз, 2022

Министрліктер үйі, Парламент және Үкімет ғимаратының сыртқы жарығы сөндірілді

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жер сағаты» жаһандық экологиялық акциясын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы қызмет көрсететін Министрліктер үйі, Үкімет үйі, ҚР Парламент Мәжілісі мен Сенат ғимараттары, Қаржы министрлігі, АСПИР және Тұңғыш Президенті мұражайының сыртқы жарықтандырулары сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктер үйі, Парламент және Үкімет ғимаратының сыртқы жарығы сөндірілді

Жер планетасының ресурстарын ұқыпты пайдалануға шақыратын жаһандық флешмоб барлық континетте 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді.

Осы уақыт ішінде «Жер сағаты» қатысушылары өз еркімен электр құрылғылары мен жарықтандыруды пайдаланудан бас тартады.

«Жер сағаты» жобасын бүкіл әлем бойынша екі миллиардқа жуық адам қолдайды. Біздің еліміз жаһандық экологиялық бастамаға 2009 жылы қосылды. Қазақстандағы «Жер сағаты-2022» экологиялық туризм тақырыбына арналған.