Ауа райы • 28 Наурыз, 2022

Алдағы күндері +20 градусқа дейін жылы болады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжауынша, 29-31 наурыз аралығында еліміздің барлық аумағында жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері +20 градусқа дейін жылы болады

«29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста таулы аудандарда, 30 наурызда елдің шығысында қатты жаңбыр жауып, қар жауады», делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 

Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстікте, оңтүстікте қатты екпінді жел 30 м/с дейін жетеді.  Ал елдің орталығында бұрқасын болады деп болжануда.

Сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі:

Түнде республиканың солтүстік жартысында -6 дейін...+2°C болса, елдің оңтүстік жартысында ауа температурасының ауытқуы -5 дейін...+5°C болады.

Күндіз еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы +10...+20°C дейін көтеріледі.

Республиканың солтүстігінде - +2...+8°C дейін күн жынынады, шығысы мен орталығында +3...+11°C дейін жылы болады.