Мәдени іс-шара 29 наурыз күні өткізіледі.
Оған Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Парламент депутаттары, елордадағы дипломатиялық корпус өкілдері, университеттер ұжымы мен студенттер қатысады.
Ұйымдастырушылар фестиваль қонақтарын түрік шайын ішуге, түрік симиті мен ірімшігінің дәмін татуға шақырады.
Іс-шара аясында Әлия Сүлейменова мен Түркиядан келген әнші Мехмет Фатих Онгун түрікше әндер орындайды.
Айта кетсек, «Түрік шайын таныстыру» шарасы сағат 12:00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің атриумында өтеді.