«Ақжайық» ӘКК құрылыс департаментінің бас менеджері Ақжол Охасов жаңа терминал ғимаратының құрылысы 100% аяқталғанын мәлімдеді.
«Бұған дейін терминал Жаңа жылға қарай ашылуы тиіс еді, алайда Қытайдан жабдықтарды жеткізудің кешігуіне байланысты лифтілерді орнатып үлгермеген. Енді жаңа әуежай өз жұмысын сәуір айында бастайды деп күтілуде. Сонымен қатар біз ҚР Азаматтық комитетінен стратегиялық нысанды пайдалануға қабылдау бойынша қажетті рұқсаттарды алу рәсімінен өттік. Қазір әуежай «Ақжайық» ӘКК қарамағында болады, болашақта оны кім иеленетіні белгісіз», деді Ақжол Охасов.
Айта кетсек, Орал әуежайына БҚО тумасы, қазақтың батыр қызы - Мәншүк Мәметованың есімі берілді.