Әлем • 28 Наурыз, 2022

Өзін жарып жібермек болған содыр қолға түсті

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық террористік ұйымның содырын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзін жарып жібермек болған содыр қолға түсті

Діни-экстремистік және террористік құрылымдарды анықтау және жолын кесу аясында «Катиба Таухид валь-Джихад» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымының содыры ұсталды.

Ведомствода атап өткендей, ол бұрын Сирияда диверсиялық дайындықтан өтіп, антитеррористік коалиция күштеріне қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан.

«Ұсталған адам халықаралық террористік ұйым басшыларының тапсырмасы бойынша өзін-өзі өлтіруші террорист ретінде террористік акт жасау үшін аймақтағы елдердің біріне жіберілген», делінген ведомство хабарламасында.

Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасуда.