Түркістанда қазақ халқының құнды этнографиялық мұраларын насихаттау мақсатында «Бабадан қалған бар мұра» тақырыбында көшпелі көрме көпшілікке ұсынылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан жасақталған 80-нен аса жәдігер қойылған көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастырып отыр.

Көрме үш бөлімнен тұрады. Қазақтың зергерлік бұйымдары бөлімінде зергерлік өнер мен тарихы насихатталады. Қазақ зергерлері көбіне жеке-дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр-сырын ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлер жасаған бұйымдардың қатарында әйелдерге арналған әшекейлер көп. Сырғалардың алуан түрі, шекеліктер, тұмарлар, бойтұмарлар, таналар мен түймелер, әйел белдіктері, білезіктер мен шашбаулар көрмеден орын алған. Ұйымдастырушылардың әңгімелеуінше, әшекейлердің бұл түрлері тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты болғандықтан, кез келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал-қадірінше түрлі әшекейлер иемденуге, тағуға тырысқан.
«Қазақтың тоқымашылық өнері» деп аталатын екінші бөлімде қойылған басқұрлар, желбаулар мен салма баулар, қоржындар мен киізден жасалған аяққаптар, кесеқаптар, кереге бау-таңғыштар көздің жауын алады. Ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат сыйлаған қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Ал үшінші бөлімде – ағаштан ойылған ыдыс-аяқтар топтамасы.
Қазақтың қонақжайлылығымен танысқан адам дастарқандағы әрбір тағамның ежелден қалыптасқан, көшпенділердің өмір-салтына бейімделуіне септігін тигізгендігін түсінеді. «Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбіреуі арнайы уақыттарда, арнайы қонаққа арналып, арнайы ыдыстарда тартылады. Осыған байланысты қазақтың әрбір ас ішуі үлкен тәрбиеге, сыйластыққа негізделген. Қазақ тұрмысында ас тартуда, қонаққа сый көрсетуде пайдаланған ағаштан жасалған ыдыс-аяқтары: астаулар, табақтар, ожаулар, қымыз табақтар мен кеселер де көрмеге қойылды», дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері. Сондай-ақ көрмеде, қазақ халқының көне мәдениетін жаңғыртып жүрген танымал ағаш ою шебері Якия Әуелбековтің қолынан шыққан туындылар кеңінен көрсетілген. Шебер өз жұмыстарын жергілікті алма, алмұрт, жаңғақ, қарағаш сынды ағаштардан жасаған. Осылайша, Наурыз мерекесі аясында киелі қала қонақтары мен арнайы келген туристер құнды этнографиялық мұралар арқылы қазақ халқының тарихынан мол мағлұмат алды.
Түркістан
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 19:35
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 18:53
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:41
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 18:10
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Бүгін, 17:57
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Бүгін, 17:32
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:21
Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың үштен бір бөлігі табылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Алматыда электрсамокаттар үшін жол белгілері пайда болады
Қоғам • Бүгін, 17:07
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:52
Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Экономика • Бүгін, 16:15
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 16:04
Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Қазақстан • Бүгін, 15:57
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Ұқсас жаңалықтар