Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Кеңсе қағазына тапшылық болмайды

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы кеңсе қағазына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңсе қағазына тапшылық болмайды

«Қазақстанда тапшылық болмайды деп ойлаймын. Кеңсе қағазының негізгі жеткізушілері - Ресей Федерациясы (61%), содан кейін Түркия мен Қытай. Қажет болған жағдайда, біздің бизнес-құрылымдарымыз тез бағдарланады деп ойлаймын. Егер қандай да бір кедергілер туындаса, бізде қағазды жеткізу үшін балама маршруттар жеткілікті», деді Қайырбек Өскенбаев.

ИИДМ басшысының айтуынша, Қазақстанда қағаз кесу өндірісі жолға қойылған.

Сонымен қатар, министр арнайы органдар Қазақстандағы кеңсе қағазына бағаның күрт өсу фактісі бойынша тексеру жүргізуі мүмкін деп болжады.