Ауа райы • 30 Наурыз, 2022

Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

622 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

30 наурызда Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығы бұрынғысынша солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ел аумағында мол жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді

Түнде елдің оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жауын-шашын жауады. Батыс және оңтүстік өңірлерге антициклон әсер етеді, сондықтан мұнда жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында тұман болады. Жел екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23-28, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с асады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан да аса күшейеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.

Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, солтүстікте, батыста, оңтүстікте желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, түнде 30 м / с және одан да жоғары болады.

Ақтөбе облысында көктайғақ күтіледі, түнде желдің күшеюі басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл, түнде желдің күшеюі 15-20, шығыста және облыс орталығында екпіні 23-28, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күшейеді.

Алматы облысында түнде және таңертең облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жел күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жел болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында жел күшейеді.