Оқиға • 31 Наурыз, 2022

«Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігігі «Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Delta Bank» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

«Н.Тілеубаев («Forbes» журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингіне кірген) 2012-2017 жылдары аралығында қасақана қайтарымсыз несие беру арқылы банк қаражатын шығарған. Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының құны 48 млрд теңгеден асатын 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлкі және 40 автокөлік құралы бұғатталды», деді агенттіктің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева.

Сонымен қатар, күдіктілердің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Ресей Федерациясындағы, Лавтия мен Чех Республикаларындағы активтері бұғатталған.

«Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 млрд-тан астам теңгені, 200 млн долларды және 4 млн еуроны құрайды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді. Іс фигуранттары тұтқынға алынған», деді ол.