Қазақстан • 01 Сәуір, 2022

Отандық брендке – отыз жыл!

310 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Биыл LogyCom компаниясына – 30 жыл. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында құрылған кәсіпорын бүгінде отандық брендке айналып үлгерді. Қазақстанда алғашқы компьютерлерді құрастырып, тыңнан түрен салған компания еліміздің ІТ-тех­нология саласындағы әлеуетінің жоғары екенін айдай әлемге паш етті. LogyCom 30 жыл­дың ішінде қызметке де, құрметке де лайық компания екенін дәлелдеді.

Отандық брендке – отыз жыл!

Жасыратыны жоқ, елімізде LogyCom-ның компьютерлерін пайдаланбаған адам кемде-кем. Аты алысқа тараған компания қазір басқа бағыттарда да өнімді жұмыс істеп жүр. Мәселен, LogyCom корпоративті бизнес үшін жоғары технологиялық жобаларды әзірлеп, жүзеге асыруда алдына қара салған емес.

ІТ-аутсорсинг саласында да тасы өрге домалап тұр. Бұл ретте шағын және орта биз­нестің жергілікті желілерін дамытуда компанияның қызметіне сұраныс жоға­ры. Сондай-ақ еліміздің әр өңірінде сервистік қызмет көрсету бағытын ұсынып отыр. Бұл да маңызды қызмет. Түрлі бағыттағы онлайн-платформаларды әзір­легенін де бөле-жара атап өту керек. Атал­ған ба­ғыт­тағы жұмыстарды әлі де жал­ғас­ты­рып келеді. Осы орайда біз компания ұсын­ған LogyCom Astrum жүйесіне ерекше тоқталмақпыз.

LogyCom Astrum – кәсіпорынды басқа­рудың ERP-жүйесі. Ол жедел және стра­т­егиялық басқару міндеттерін рет­тей­д­і. Сонымен қатар қаржылық және бас­қарушылық есепті, сату түрлерін рәсімдеу, интернет-дүкенмен интеграция, клиенттермен қарым-қатынасты басқару, ресурстарды бөлуді және өндіріс қажетті­лік­терін жоспарлау, логистика міндеттерін оңтайлы шешеді.

Бұдан бөлек, бухгалтерлік жүйеге бас­тап­қы деректерді импорттау, құрастыру өндірісі, сервистік қызмет көрсету, негізгі құрал­дарды есепке алу, бюджеттеу, қой­малық есепке алу, кадрлық есепке алу секілді ауқымды міндеттер де осы жүйе­ге шоғырланған. Біз санамалап өткен мін­дет­тердің қаншалықты ауқымды екені айт­паса да түсінікті. LogyCom Astrum жү­йесі осының бәрін еш қиындықсыз рет­теп, бизнестің жұмысын айтарлықтай же­ңіл­детіп отыр.

LogyCom компаниясының жоба менед­жері Татьяна Беланованың айтуын­ша, кез келген кәсіпорынның қыз­мет­керлері қызмет барысында түрлі қиын­дық­тармен бетпе-бет келеді. Мұндай кедергілер негізгі міндеттердің орындалуын бәсеңдетіп, кәсіпорынды мол табыс­тан айыруы мүмкін. Әдетте мұның бәрі қа­жетті ақпаратты алуға көп уақыттың жұм­­салуымен, қызметкерлердің жұмыс уа­­қытын дұрыс ұйымдастыра алмауымен және өз функцияларын уақтылы орындамауымен байланысты.

– LogyCom Astrum жүйесі осындай келеңсіздіктерді болдырмайды. Жүйені топ-менеджерлерден бастап клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер, көтерме және бөлшек сауда консультанттары мен сатушылары, қойма қызметкерлері, кеңсе мамандары пайдалана алады. Яғни жүйе арқылы кез келген уақытта кә­сіпорындағы жұмыстың жағдайы тура­лы жедел ақпарат алуға мүмкіндік беріледі. Мәселен, компанияның табысы қай тұс­тан көбейгенін, шығындардың қай бағыт­тан шығып жатқанын, қай жерде кемші­лік жіберілгенін және оның не үшін жіберіл­ге­нін байқап отыруға болады, – дейді Татьяна Беланова.

Оның айтуынша, кәсіпорын басшысы жүйе арқылы пайда мен шығындардың есебін, қаражаттың қозғалысын қадағалап отырады. Ал топ-менеджерлер үшін ашық­тық қамтамасыз етілген. Олар кәсіпорын қыз­метін рәсімдеу, әрбір бизнес-процесс үшін жауапты адамды тағайындау, орын­далған жұмыстардың сапасы, сату көлемі, клиенттермен қарым-қатынас жасау нәти­жесі бойынша әр қызметкердің білікті­лігі мен өнімділігін негізді түрде баға­лау мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ жүйе­ге енгізілген ақпараттың құпия сақта­ла­тынын да атап өткен жөн. LogyCom Astrum кә­сіп­орын­ға қабылданған жаңа қызмет­кер­лер­дің бейімделу процесін жеделдетеді әрі жеңілдетеді.

– Сонымен қатар жүйеде топ-менед­жер­ге өз бизнесін бақылауда ұс­тау­ға мүмкіндік беретін бірқатар есеп ұсы­ны­ла­ды. Мәселен, маркетинг және логистика бөлімінің менеджерлері үшін жеткізушіні дұрыс таңдау, онымен қарым-қатынас жасау тарихы, сатып алуды жоспарлау, клиентпен қарым-қатынастың тарихы және саралануы секілді есептер беріледі. Кәсіпорынның барлық қызметкері үшін қажетті ақпаратты алу, тауарды қабылдау және жөнелту процестерін автоматтандыру, тауарлар мен қаражат қозғалысын ресімдеуді автоматтандыру қызметтері қолжетімді. Ал бухгалтерлер жұмыс стилін аса өзгертпей-ақ күнделікті нәтижесіз жұмыстардың көлемін азайта алады, – деп нақтылады LogyCom компаниясының жоба менеджері.

Бұл ретте осындай тамаша жүйенің толықтай отандық әзірлеме екенін атап өткен жөн. Оның авторлығы LogyCom қызметкерлер тобына тиесілі. Жүйені әзірлеп, жетілдірумен компанияның жаңа технологиялар және бағдарламалық әзір­лемелер жасау бөлімінің қызметкерлері айналысқан. Атап айтқанда, бұл топқа бөлім басшысы Семен Береснев жетекшілік еткен. Әзірлеушілердің қатарында Юрий Зыков, Алексей Лапин, Валерий Морчик, Дмитрий Пожитков, Данияр Қасымжанов, Константин Жабасов, Максим Кан, Илья Афанасьев, Дмитрий Никиточкин, Илья Мозжерин, Евгений Васильев, Қанат Айдаров, Дәурен Орманбеков, Қанат Жамбулатов, Александр Нешев бар.

Клиент компанияларға жүйені енгізу, техникалық қолдау және консалтинг қыз­мет­терін де LogyCom қызметкерлері жү­зе­ге асырды. Бұған Ирина Сергеева, Тоқжан Тоқтамысова, Юлия Рогова, Ирина Коломийцева, Ирина Мурзинова, Татьяна Бегун, Нюдля Басангова, Кристина Зотина, Гүлбаршын Белдюбаева, Константин Королев, Алексей Панов, Алена Савинкова, Изятбуви Закирова, Елена Куликова секілді білікті мамандар жауапты.

Қазіргі уақытта клиенттерді қол­даумен және консалтингтік қызмет көр­сетумен бағдарламалық әзірлемелер жасау бөлімінің Жобаларды басқару тобы айналысады. Оған Ләззат Құ­са­йынова жетекшілік етеді. Жоба ме­нед­жерлері Татьяна Беланованың, Розабуви Худайбердиева мен Александра Коно­валованың да еңбегі зор.

Компания биллинг және авиапаркті бас­қару салалары есебінен LogyCom Astrum жүйесінің қолдану аясын кеңейтіп, алға бастыруды жоспарлап отыр.

Отандық ІТ-нарықта өзіндік орны бар LogyCom – заманауи компания. Компью­тер­лік және цифрлық технология­лар нары­­ғындағы бірегей білім мен мол тәжі­ри­бесінің нәтижесінде компания IT-сала­ның көшбасшысы ретінде үлкен беделге ие. Компания нарыққа жоғары техно­ло­гия­лық өнімдерді ғана ұсынбай, күрделі инфрақұрылымдық IT-жобаларды әзірлеп, енгізуде.

LogyCom 2003-2021 жылдар аралы­ғын­да шамамен 450 мыңнан астам дербес компьютер шығарды. Бүгінде компанияға тиесілі екі конвейерлік құрастыру желісінің өндірістік қуаты жылына 900 мыңнан астам дербес компьютер мен серверлер шығаруға мүмкіндік береді. LogyCom өнімдерінің қазақстандық қамту үлесі 25 пайыздан жоғары.

LogyCom шығаратын жоғары техно­ло­гиялық өнімге үш жылдық кепілдік бере­тін ел нарығындағы жалғыз компания екенін де естен шығармайық. Демек компания өз өнімінің сапасына сенімді. Халықтың LogyCom-ға сенім артатыны да сондықтан.