БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, су тасқыны 31 наурыз күні кешке болған. Ауыл 22 сағатқа жуық уақыт бойы су астында қалғаны туралы хабардан кейін Оралдан Қаратөбе ауданына арнайы техника шықты.
«Қазіргі уақытта ТЖ департаменті мен облыс басшылығы су басу қаупі бар аумақтағы жағдайды бағалау мақсатында тікұшақпен ұшып кетті. Шалғын ауылындағы су басқан 25 үйдің тұрғындары мәдениет үйіне көшірілді. Тұрғындарды көшіру мәселесі қарастырылуда. Шалғын ауылы бақылауда», деп хабарлады ведомстводан.