Фото: Константин Шелков
- Ақсу қаласында 4 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен әйел адам іздестірілуде. Хабар-ошарсыз кеткен азаматша туралы ақпарат түскен кезде еріктілер бірден оның отбасымен бірге іздеуге кірісті. Оның баруы мүмкін орындар тексеріліп жатыр. Хабарландыру жазылған қағаздар таратылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен жақын маңдағы дүкендерден сұрастырылды. Өкінішке қарай, әзірге нәтиже жоқ, - дейді «VITA» іздеушілері.