Қазақстан • 02 Сәуір, 2022

Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

«Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – біздің халқымызға тән қайырымдылық, адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды нығайта түсетін рақым айы. Берекелі ай бүкіл қоғамның мерейін асырып, ынтымақ пен ауызбіршілікке, игілікті істерге үндейді.

Шынайы ниетпен ұстаған оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз бен тілектеріңізді қабыл етсін.Ел іргесі қашанда берік, жұртымыз тыныш болсын!», делінген Үкімет басшысының құттықтауында.