Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Олег Приходькомен бірге Перейра (Колумбия) ATP Challenger турнирінің финалында венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен күш сынасты.
Г.Ломакин мен О.Приходько тәжірибелі қарсыластарымен теңбе-тең дәрежеде өнер көрсетті.
Екі сет те тай-брейкке дейін жетіп, онда Л.Мартинес пен К.Родригес сәтті өнер көрсетті – 7:6 (7:2), 7:6 (7:3).
Ал Мароккода үшінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті. Онда тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова португалиялық Софья Пинтомен бірге соңғы бәсекеде жергілікті спортшылар Мафалда Гуэдеш – Матильда Мораисқа есе жіберді – 2:6, 4:6.