Күн сайын жарық дүниеге кәдімгі сәбилермен қатар, тумай жатып тағдыр талқысына душар болған дімкәс нәрестелер келіп жатады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар әке-шешеге де оңай тимейтіндіктен, оларға өмір бойы дерлік қолдау мен көмек қажет. Ерекше күтімді қажет ететін сәбилерді аяғынан тұрғызу, өмірге бейімдеу, мамандарға қарату мен тағы басқасы төзімділік пен уақытты ғана емес, көп қаражатты қажет ететіні аян.

Осы мәселелермен 15 жыл бойы үздіксіз айналысып келе жатқан AYALA қоры жуырда кезекті рет есеп берді. Қор осы жылдарда балалардың өлім-жітімін азайту, жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету жобаларына 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Қордың балалар өлім-жітімі көрсеткішін төмендетуге қосқан үлесін Денсаулық сақтау министрлігі де атап өтіп, «Тыныс ал, балақай» және «Басқарылатын гипотермия» жобаларына қатысты екі меморандумға қол қойған еді. 2021 жылдың ақпанынан бері қор 100 шақты неонатолог дәрігерлердің біліктілігін арттырған тегін онлайн-платформаны іске қосу идеясын қолдады. Қысқасы, қор құрылғалы бері 2,2 млрд теңгеден астам қаражат қазақстандық денсаулық сақтау мекемелерінде балаларды құтқару және күтіп-бағу жұмыстарын жетілдіруге бағытталды.
Ал 2007 жылдан бастап қайырымдылықтың үш бағытында дәйекті және жүйелі жұмыс істеуге көшкен AYALA қорының басты ұстанымы – тиімді қайырымдылық. Демеушілердің қаражаты мен қазақстандықтардың қайырымдылық жарналары бір жолғы көмекке емес, жылдар бойы жұмыс істейтін жобаларға жұмсалады. Оның нәтижесі – елімізде беті бері қараған жүз мыңдаған баланың өмірі. Оған қоса балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында түрлі кәсіптерге бейімделуден өткен жүздеген жоғары сынып оқушылары бар. Мұнан бөлек ерекше күтімді қажет ететін мыңдаған бала қор орнатқан жабдықтармен денсаулықтарын түзеуге әрекеттенеді.
2021 жылы қор ірі демеушілер мен қазақстандықтардың қайырымдылық жарнасы түрінде 480 млн теңгеден астам қаражат тартса, оның 216 млн теңгесі Қазақстанның 12 перинаталдық орталығында 80 жаңа медициналық техника сатып алып, орнатуға бағытталды. Бұл алдағы 5 жылда мыңдаған нәрестенің өмірі мен ақыл-естерін дамытуға септеседі.
«Бастапқыда бір реттік қаржы жинау біздің жолымыз емес деп шештік. Дәрігер ретінде түсінгенім, жүйелі тәсіл ғана нағыз нәтижелерге жеткізеді. Сондықтан біздің қор 15 жыл бойы балалар реанимациясына арналған жабдықтармен жұмыс істейді және балалар дәрігерлерінің – неонатологтер, ортопедтер, кардиохирургтер мен реаниматологтердің біліктілігін арттырумен айналысады. Жыл сайын еліміздің перинаталдық орталықтарының жансақтау бөлімдерінен мыңдаған бала өтеді. Медициналық жабдық бірнеше жыл жұмыс істейді, оған қоса қор дәрігерлердің жаңа туған нәрестелерді күтіп-бағу білімі мен дағдыларын үнемі жаңартып отырады. Мұның нәтижесін әрбір ата-ана көріп, барлық демеушілер мен серіктестеріміздің арқасында аман-сау қалған балаларын бауырына басып отыр», дейді AYALA қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Қор алдағы жылдары балалар мүгедектігін азайту үшін бұрынғыдан да белсенді болуды жоспарлап отыр.
«Өкінішке қарай, Қазақстанда мүгедек балалар саны көбейіп келеді. Соңғы 5 жылда бұл сан екі есеге артып, 100 мыңнан асып кетті немесе шағын қала халқының санына жетті. Баланың өмірін сақтап қалу өте маңызды. Бірақ одан да маңыздысы оны функционалды түрде сау қалдыру. Сондықтан бірнеше жылдан бері балалар реанимациясын балалардың мүгедектігін азайтуға көмектесетін құрал-жабдықтармен және емдеу технологияларымен қамтамасыз етіп келеміз», деді Айдан Сүлейменова.
Ал еліміздегі автоматты гипотермия аппараттары осылай пайда болған. 2017 жылдан бері олар қор оқытқан дәрігерлердің қолымен 200-ден астам баланың өмірі мен ақыл-есін сақтап қалды. Өткен жылдан бастап қор ретинопатиямен шала туған нәрестелердің көру қабілетін сақтау ісіне белсене араласып келеді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірқатар кездесу өткізіп, осы ауруды Дәрі-дәрмекпен емдеу жөніндегі хаттаманы іске асыруға қосылды. Көздің торын коагуляциялауға арналған 4 лазерлік қондырғы мен екі офтальмоскоп сатып алды.
Сонымен қатар қор офтальмолог дәрігерлерге тегін бейне курстар түсіруді жоспарлап, 6 ретиналды камера мен 11 офтальмоскоп сатып алу үшін демеушілермен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осының барлығы алдағы 3 жылда ретинопатиясы бар жаңа туған нәрестелерде көру қабілеті бойынша мүгедектіктің айтарлықтай төмендеуіне әкелуі тиіс.
AYALA БҚ өз жобаларына демеушілерден жиналған қаражаттың 100%-ын және құрылтайшылардың қаражаты есебінен әкімшілік шығыстарды қамтамасыз ете отырып, жеке қайырымдылық жарналары арқылы жібереді. Ашықтық пен толық есеп беріп отыру да қордың беделін көтере алады. Яғни Ayala.kz сайтында 2007 жылдан бастап барлық қаржылық есептер және 2016 жылдан бастап KPMG тексерген барлық аудиторлық есептер бар. Бұл қорға 15 жыл бойы елімізде тиімді қайырымдылықтың жоғары стандарттарын орнатуға және қолдауға мүмкіндік береді.
«Қайырымдылықтағы жұмыс тек жан-тәнімен берілуді және қайтарымды ғана талап етпейді, жыл сайын біз қордың басты мақсаттарын анықтау үшін стратегиялық сессия өткіземіз. Содан кейін әрбір қызметкердің апта сайынғы есебін тыңдап, жылдық келісілген жоспар бойынша жүреміз. Біз жаңа идеяларға ашықпыз, сүйсініп оқимыз, коммуникацияда, жобаларды басқаруда, тіпті сатуда да өз дағдыларымызды жетілдіреміз. Өйткені қор – біздің қазір және болашақта еліміздің үздік ҮЕҰ қатарында көріп отырған кәсіби ұйым», дейді Айдан Сүлейменова.
АЛМАТЫ
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Бүгін, 19:02
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 18:40
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Бүгін, 18:22
«Кселл» және «Мобайл Телеком-Сервиске» қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 18:01
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Бүгін, 17:48
Қазақстан міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге мораторийден бас тартты
Үкімет • Бүгін, 17:32
Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді
Өнер • Бүгін, 17:20
Биыл елімізде 9 жаңа ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Елордадан бірқатар қалаға қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 16:55
Қазақстан тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:48
Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:01
Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты
Қаржы • Бүгін, 15:31
Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Ел экономикасына үлес қосатын инвестор көбейді
Экономика • Бүгін, 15:11
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 14:49
Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 14:38
Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:28
Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
ИИДМ-де комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:28
Оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды
Білім • Бүгін, 12:50
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
ANTIKOR • Бүгін, 12:42
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:30
Ақтауда мұнай-газ жабдықтарын өндіретін зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Қошанов: Парламенттің екінші сессиясы маңызды шешімдерге толы болды
Парламент • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:58
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 11:38
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Коронавирус • Бүгін, 11:25
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент • Бүгін, 10:56
Жайық өзеніне бекіре тұқымдас 3,5 млн балық шабағы жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:23
Ұқсас жаңалықтар