Аймақтар • 04 Сәуір, 2022

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні туралы ескерту жасалды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің жүру қауіпі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні туралы ескерту жасалды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 4-7 сәуір аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, ауа температурасының күрт жылынуына және жаңбыр жаууына байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», делінген ведомство таратқан ақпаратта.