Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, аукциондар тоқсанына бір рет өткізіледі.
«4 сәуірде аппараттық кеңесте мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сауда-саттық, конкурстар, аукциондар арқылы беру механизмі талқыланды. Өткен жылы Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында gosreestr.kz сатып алу құқығын сату, бес жыл мерзімге жалға беру бойынша үш аукцион өткіздік. Өткен жылы барлығы 43 ЛОТ сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 26 лот сатылды. Сатып алушының алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты төрт лот жойылды», деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков қалада пайдаланылмай жатқан жер телімдерін тексеру жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеген болатын.