Спорт • 04 Сәуір, 2022

Қазақстандық таеквондошы Испанияда өткен турнирде күміс жүлдеге ие болды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық таеквондошы Әділет Базарбаев Spanish Open G2 халықаралық турнирінде күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық таеквондошы Испанияда өткен турнирде күміс жүлдеге ие болды

Испанияның Аликанте қаласында таэквондодан рейтингтік турнир аяқталды.

Бұл жарыста 63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Әділет Базарбаев күміс медальға ие болды.

Алматылық таэквондошы бірінші жекпе-жегінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс медалінің иегері, таиландтық Тавин Ханпрабты жеңді. Жартылай финалға шыққаны үшін Еуропа чемпионы, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, түрік спортшысы Хакан Рекберді жеңе алды.

Осы медальдың арқасында Базарбаев 12 ұпай жинай алды, бұл оған халықаралық рейтингте көтерілуге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық турнирде Әділет Базарбаевтан бөлек тағы бес қазақстандық таеквондошы өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024