Осындай ерекшелігімен өмірге келген Наиляның жасы – үште. Бірақ қатарластарынан ерекшеленіп тұратын тұсы көп. Арманы – дәрігер болу. Анасы Таңсұлу Темірәлиеваның айтуына қарағанда, қызының есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Өлең-жыр жолдарын тез жаттайды. Әріптер мен сандарды жатқа айтады.
– Наиля әдемілікті, сұлулықты ұнатады. Суретке түскенді, сурет салғанды, алайда шашын өзге адамның ұстағанын қаламайды. Соған қарамастан, еліміздегі сән үйлерінен, журналдардың редакциясынан шақырту жиілей бастады. Жақында үш жастағы қыздар арасында өткен байқауға қатысты. Бұл байқауда
8 160 қыздың арасынан бірінші жүлдені иеленіп, «Қазақстанның ең сұлу қызы» атанды, – дейді Таңсұлу Темірәлиева.
Атырау облысы