Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

«KEGOC» компаниясына айыппұл салынуы мүмкін

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«KEGOC» акционерлік қоғамына ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«KEGOC» компаниясына айыппұл салынуы мүмкін

Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, «KEGOC» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды.

«KEGOC» АҚ-на қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-ші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.

«Әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, «KEGOC» АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады», делінген хабарламада.