Президент • 06 Сәуір, 2022

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтаулар келіп түсуде

758 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтаулар келіп түсуде

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев жолдаған құттықтауында екі ел халқын байланыстыратын берік достық пен тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын жазды.

«Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың жан-жақты кеңеюі көршілес екі халық пен мемлекеттің өркендеуіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл аймағымыздағы бейбітшілікті, тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді», делінген жеделхатта. 

Сауд Арабия Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Корольдіктің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Қасым-Жомарт Тоқаевты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт тіледі.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, БАӘ вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла, Кувейттің Тақ мұрагері Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Палестина Президенті Махмуд Аббас құттықтады.