2014 жылғы 26 наурыз Астана, Үкімет Үйі
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. Қоса беріліп отырған Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №266 қаулысымен бекітілген
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2997 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 22-8-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 284-8-бабына, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 2995 жылғы 7 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-8-бабына, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 2999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-8-бабына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мекемелер мен ұйымдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу тәртібін айқындайды.
2. Топтардың алдын ала болу тәртібі
3. Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүзеге асырады.
4. Үйлестіру кеңесі топтардың алдын ала болу жоспарларын бекітеді, олар:
2) алдын ала болу түрлерін (кезеңдік, аралық, арнаулы);
2) алдын ала болу мерзімдерін;
3) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін айқындайды.
5. Кезеңдік және аралық алдын ала болуды топтар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
6. Арнаулы алдын ала болу азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалаудың түрлерін қолдану туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде ескертусіз жүзеге асырылады.
Алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың арнаулы алдын ала болуын жүзеге асыру үшін топтарды жіберу туралы шешімді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қабылдайды.
7. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысының алдын ала болуға өкілеттілігін растайтын құжат Адам құқықтары жөніндегі уәкіл беретін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысының куәлігі болып табылады.
8. Топтар алдын ала болуды жүзеге асырған кезде ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы:
2) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарды кедергісіз таңдап, баруға;
2) алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда орналасқан тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәлерсіз әңгімелесулер өткізуге;
3) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалаудың түрлерін қолдану туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да құқықтарға ие болуға құқылы.
9. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заң қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығы күмән тудыратын жағдайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуы тиіс.
10. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары мекемелер мен ұйымдарда орналасқан адамдарға, сондай-ақ аталған мекемелер мен ұйымдардың персоналына құрметпен қарауға тиіс.
Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
11. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларының алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда, алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.
12. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қауіпсіздігін, соның ішінде аумақта еріп жүруді қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Мекеме мен ұйымның әкімшілігі қауіпсіздікке төнген нақты қауіп және әңгімелесудің құпиялылығын шектеу қажеттілігі туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысын хабардар етеді.
Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысының алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда орналасқан тұлғалармен әңгімелесудің құпиялылығын шектеуден бас тартуы жазбаша ресімделеді.
13. Алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда топтардың алдын ала болуы мерзімі жолда жүру уақытын есептемегенде екі жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Алдын ала болу мерзімін ұзартуға ерекше жағдайларда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісімімен бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жол беріледі.
14. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығындарын өтеу бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
3. Алдын ала болу нәтижелері бойынша топтардың есебі
15. Әрбір алдын ала болу нәтижелері бойынша топ атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысан бойынша болу туралы жазбаша есеп жасалады және Үйлестіру кеңесіне беріледі, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды.
Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша ресімдейді және есепке қоса береді.
16. Алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу туралы есебі Үйлестіру кеңесіне:
1) кезеңдік алдын ала болу үшін екі апталық мерзімде;
2) аралық алдын ала болу үшін бес күндік мерзімде;
3) арнаулы алдын ала болу үшін екі күндік мерзімде ұсынылады.
17. Алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда алдын ала болу туралы топтардың есептері құпия болып табылады.