Аймақтар • 07 Сәуір, 2022

Фармацевтің қателігінен 3 жасар бала уланып қалды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда фармацевт дәрілерді шатастырып алып, салдарынан бала уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фармацевтің қателігінен 3 жасар бала уланып қалды

«Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінен анасы 2019 жылы туған баласына дәрігердің рецепті бойынша дәрі сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін сәби өзін нашар сезініп, құса бастайды. Әйел дереу жедел жәрдем шақырған. Анық болғандай, ауруханада балаға антидепрессанттан уланды деген диагноз қойған», делінген хабарламада.

Полицейлер анықтағандай, фармацевт қателесіп, әйелге басқа дәрі сатып жіберген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы – медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.