Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арнайы гранттар қарастырылған, ол үшін «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Енді көп балалы отбасылардан шыққан балаларға – гранттардың 5%, толық емес отбасылардан шыққан балаларға - 1%, физикалық мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылардан шыққан балаларға-1% бөлінеді деп жоспарланған.
Өткен жылы колледждерге қабылдау 10 мыңға артып, 166 мың адамды құрады, оның ішінде 93 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша (тегін оқуға) түсті, соның ішінен 67%-ы квоталық санаттар бойынша өтті (61,9 мың адам). Бүгін біз техникалық мамандықтарға сұраныстың артып келе жатқанын көріп отырмыз, бұл туралы Мемлекет басшысы да айтты, сондықтан 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ын (қазір 45%) металлургия, IT, құрылыс, инженерия және қызмет көрсету сияқты бағыттар құрайтын болады.
Бүгінде әкімдіктер жанындағы арнайы комиссиялар өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар тізімін жасап жатыр. 30 сәуірден бастап облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының сайттарында мемлекеттік тапсырыс көзделген мамандықтар туралы ақпаратпен танысуға болады.