Қазақстан • 07 Сәуір, 2022

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Тойлыбаева босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты

«2021 жылдың желтоқсанынан бастап Жанар Тойлыбаева ҚАЖ мекемесінде ұсталмайтынын хабарлаймыз», деді ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Жанар Тойлыбаева 2019 жылы Денис Тенге жасалған қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Колонияда жүргенде ол бала туып, ана атанды.

Белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты үш айыпталушы Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Тойлыбаева сотталған еді.