«Нұр-Сұлтан қаласында жылу маусымына дайындық және жыл беру туралы ереженің 42-тармағына сәйкес ауа температурасы +10 С және одан жоғары болған кезде күнтізбелік бес күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары жылу маусымын тоқтату туралы шешім қабылдайды», деп жауап берді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ресми хабарламада жауапты мекемелер жылыту маусымының аяқталуы туралы алдын ала 3 күн бұрын БАҚ арқылы жариялайтыны айтылған.
Айта кетсек, елордада жылу электр орталығы қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға артты. Ол туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім еткен еді.