«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.