Ауа райы • 08 Сәуір, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронталды бөліктің өтуі Қазақстан территориясың басым бөлігіне құбылмалы ауа райын алып келеді. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с күшеюі, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысында солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде батысы мен солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігі оңтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдақдықпен соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігі мен орталығында жел  күшейеді

Қостанай облысының шығысында тұман, көктайғақ, солтүстігінде жел болады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында жел тұрады.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.