Қазақстан • 08 Сәуір, 2022

Кірме жолдардың қызмет көрсету тарифі төмендеді

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет кірме жолдарды ұсыну қызметтеріне тарифтерді төмендету жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кірме жолдардың қызмет көрсету тарифі төмендеді

Осы жылдың басында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мемлекет басшысының кірме жолдарды ретке келтіру жөніндегі тапсырмасы аясында кірме жолдар саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізуді, қызметтер құнының негізділігін талдауды және тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Бірінші кезеңде биыл 1 ақпаннан бастап кірме жолдарды ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын 21 субъектіге («КСО» АҚ, «Arman Kala Limited» ЖШС және басқалары) тарифтер орташа 80%-ға төмендеді.

Бұл ретте, Үкімет Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, қызмет көрсету кезінде өз жағдайын теріс пайдаланатын жосықсыз субъектілерді анықтау бойынша жұмысты жалғастырды.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде кірме жолдар қызметін көрсететін 120-дан астам субъектіге тарифтер төмендетілді.

Осылайша, қабылданатын шаралар тасымалданатын тауарлардың (жүктердің) түпкілікті құнына оң әсер етеді және кәсіпкерлердің аталған қызметтерді төлеу шығыстарын айтарлықтай төмендетеді.