Ауа райы • 08 Сәуір, 2022

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн салқындайды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда жаңбыр, қар жауады, жел күшейеді. Шаңды дауыл, найзағай ойнап, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн салқындайды

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелер бұрынғысынша өз әсерін сақтайды. Жауын-шашын (жаңбыр және қар) болады, күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді. Шаңды дауыл, найзағай, көктайғақ болуы мүмкін. Тек республиканың солтүстік облыстарында ғана антициклонның екпіні жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды», деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.