Аймақтар • 09 Сәуір, 2022

Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 сәуірде Қапшағай қаласында жас жұбайлар асулы күйінде табылды. Жігіт 22 жаста болса, ал жас келін небәрі 18 жаста, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды

фото: Zakon.kz

«Ерлі-зайыптылардың (22 жастағы жігіт пен 18 жасар қыз) мәйіттері 8 сәуірде Қапшағай қаласында қалалық жанар-жағармай бекеттерінің біріне жақын маңнан табылды. Жәбірленушілер асулы тұрды. Сырттай тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ, сондықтан ерлі-зайыптылар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін деп болжам жасауға болады», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Тергеу мүддесі үшін толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35