Қазақстан • 09 Сәуір, 2022

Қырғыз азаматы Қазақстанға 23 келі есірткі алып өтпекші болды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Кең-Бұлұн» бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары Қырғызстаннан Қазақстанға 23,5 келі есірткі алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz 24kg сайтына сілтеме жасап. 

Қырғыз азаматы Қазақстанға 23 келі есірткі алып өтпекші болды

фото: Қырғыз Республикасы МҰҚК

«Кең-Бұлұн» БӨП-не 38 жастағы қырғыз азаматы тізгіндеген DAF XF510 автокөлігі келіп тоқтады. Жүк көлігінің тіркемесін тексеру кезінде қызметтік ит белгі беріп, шекарашылар тінту жүргізді.

Тіркеменің алдыңғы бөлігіндегі еден қаптамасы ашылып, солидолға малынып, фольгамен оралған 24 брикеті бар екі орама табылды. Олардың ішінен белгілі бір иісі бар қоңыр зат шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, бұл — ауған чарсы. Есірткінің жалпы салмағы 23,5 келіні құрады.