Бокс • 09 Сәуір, 2022

Серік Теміржанов Thailand Open халықаралық турнирінің чемпионы атанды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Thailand Open халықаралық бокс турнирінде алғашқы алтын медальды еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Теміржанов Thailand Open халықаралық турнирінің чемпионы атанды

фото: kfb.kz

Алтын медаль 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Серік Теміржанов ұтып алды. Финалдық жекпе-жекте ол филиппиндік Ян Кларк Баутистамен қолғап түйістірді. Бұған дейін аталған халықаралық турнирдің күміс жүлдесін Сұлтан Мусинов иеленген болатын.