Елорда • 09 Сәуір, 2022

Сауда орталығынан заңсыз майнинг құрылғысы табылды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы сауда орталықтарының бірінен майнингке арналған 4 құрылғы табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда орталығынан заңсыз майнинг құрылғысы табылды

Майнингке арналған құрылғылар сауда орталығының паркингінен табылады. Оларды орталықтың желдету құбырындағы кабельдік желілерді тексеріп жүрген инженері байқап, басшыларына хабарлаған.

Тексеру барысында полицейлер желдету құбырының үстінен қосулы тұрған 4 құрылғыны анықтайды. Аталған факті бойынша материал экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Айта кетейік, Президент тапсырмасынан кейін елде 51 майнинг ферманың заңсыз қызметіне тосқауыл қойылып, 55 ферма жұмысын өздігінен тоқтатқан-ды.

Жуырда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Astana hub» технопаркіне тіркелу арқылы жеңілдіктер алған майнинг фермалар туралы пікір білдірді.

Сондай-ақ, алдағы айда майнинг салығын көбейтуді көздейтін заң жобасы дайын болмақ.