Жекпе-жектен кейін Геннадий қарсыласының иығына өзінің төл стильдегі шапанын жапты. Ол бұған дейін әр жекпе-жекке осы шапанын киіп шығатын еді.
«Қарсыласыма зор құрмет! Ол чемпион және чемпион болып қала береді», деп жазды WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Instagram парақшасында.
Көпшілік қазақстандық былғары қолғап шеберінің бұл әрекетіне мол қошамет көрсетіп, ризашылығын танытты.
Айта кетейік, жекпе-жек аяқтала салысымен Геннадий Головкин Риота Мурата туралы пікір білдірген болатын.