Аймақтар • 10 Сәуір, 2022

Талдықорғанда Қаратал өзенін көлігімен кесіп өтпек болған ер адам құтқарылды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда ер адам Қаратал өзенін көлігімен кесіп өтпек болып, суға кете жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғанда Қаратал өзенін көлігімен кесіп өтпек болған ер адам құтқарылды

«9 сәуір күні түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы ТЖД-ге Талдықорған қаласында 1989 жылы туған ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенін кешіп өтпек болған ер кісі көлігімен өзеннің қақ ортасында тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті» делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырту орнына келген бойда көліктің Қаратал өзенінің ортасында,1,5 - 2 метр тереңдікте тұрып қалғанын, жүргізушісі көліктің төбесіне шығып алғанын анықтаған.

Құтқарушылар құтқару арқанының және құтқару кеудешенің көмегімен ер адамды жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.