Әлем • 10 Сәуір, 2022

Нигерияда апат салдарынан шамамен 117 млн тұрғын жарықсыз қалды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ірі апаттың салдарынан ел астанасы Абуджа мен ірі қала Лагос та жарықсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Нигерияда апат салдарынан шамамен 117 млн тұрғын жарықсыз қалды

Фото: pixabay

Нигерияның Энергетика министрлігі мамандар оқиғаның себептерін анықтап жатқанын мәлімдеді.

Нақтылап өткендей, ұлттық апат соңғы айдағы үшінші рет қайталанып отыр.

14 наурызда Нигерияда әуежайлар, ауруханалар, көптеген кәсіпорындар мен жеке үйлер электр жарығынан ажырады. Мемлекет басшысы Мухаммаду Бухаридің Абуджадағы резиденциясы да электр жарығынсыз қалды. Елдің энергия желілерінің жұмысындағы тағы бір ақау 15 наурызда орын алды.