Мұнайлы өңір жұртшылығы Жайық, Қиғаш, Ойыл өзендерінде судың мол болғанын қалайды. Алайда адамның қалауы үнемі орындала бермейді. Бірнеше жыл қатарынан Жайық пен Ойылдың арнасына жеткілікті су жетпеген еді.

Жұрт Жайық пен Ойыл өзенінің мүшкіл ахуалына алаңдап отырғанда, шағын өзен қатарындағы – Ноғайты тосын мінез танытты. Ақтөбе облысынан бастау алатын бұл өзен Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылы арқылы ағып, Қоңырсай өзеніне құйылады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызда 23.00-де Сағыз ауылының тұрғынынан Ноғайты өзенінде су тасу қаупі төнгені туралы хабар түскен. Ал 30 наурызда сағат 22.00 шамасында өзен тасып, су деңгейі 3 метрге жеткен. Осыған байланысты Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиевтің жетекшілігімен құрылған арнайы штаб Сағыз ауылына келді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Сағыз ауылындағы 20-дан астам үйді су басу қаупі туындаған еді. Қауіпсіздік үшін су басуы мүмкін үйлердің тұрғындары №9 орта мектеп пен колледжге эвакуацияланды. Жергілікті әкімдіктің тиісті жұмыстарды жедел қолға алып, тұрғын үйлерді су басу қаупі жойылды. Өзен жағасын бекіту жұмыстарына 20-ға жуық техника тартылып, әкімдік қызметкерлері, ауыл тұрғындары, өзге де мекемелер өкілдері мен еріктілерден құралған 200-ден астам адам жұмылды. Сағыз ауылы тұрғындарының айтуынша, Ноғайты өзені биылғы ақпаннан бері үш рет тасыған.
Соңғы төрт-бес күннен бері Ойыл өзеніне су келіп жатыр. Болжамды су көлемі 32-48 млн текше метрді құрауы мүмкін. Қазір Ералы су торабының төрт қақпасы ашылған.
«Биылғы 1 сәуірде «Қазсушар» РМК Қызылқоға бөлімшесінің бастығы Сайлаубек Темірғалиевпен бірге жағдайды бағалап, шешім қабылдау мақсатында Ералы су торабы, Ойыл өзенінің аумағы күнделікті бақылауға алынды. Миялы ауылында 1,5 шақырым, Жангелдин ауылында 2 шақырым, Жасқайрат ауылында 1,4 шақырым, Аққора ауылының тұсында 600 метр бөгетті тегістеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа 11 техника тартылды. Ауылдардың тұрғындары, еріктілер мен жастар бөгет тұрғызу үшін 1 мыңнан астам қапшыққа құм толтырды. «Қайнармұнайгаз», «СағызПетролеум» кәсіпорындары қосымша техникалар бөлді», деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Атырау облысы
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар