Спорт • 11 Сәуір, 2022

Дзюдодан Азия кубогінде Қазақстан қыздар құрамасы үш медальді еншіледі

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жас дзюдошылар Азия кубогінде үш қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Дзюдодан Азия кубогінде Қазақстан қыздар құрамасы үш медальді еншіледі

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан жастар арасында Азия кубогі өз мәресіне жетті. Қазақстан қыздар құрамасы аталған құрлықтық бәсекені үш қола жүлдемен аяқтады. 

Атап айтқанда, Ұлдана Үсейн (57 кило), Самалай Ерғалиева (63 кило) және Қымбат Сейтмаханбет (+78 кило) жарыста үздік үштік қатарынан көрінді.