Аймақтар • 11 Сәуір, 2022

Шымкентте аттракционнан құлаған жігіттің жағдайы ауыр

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға туралы ақпаратты заңгер Евгений Яворский жариялады. Оның айтуынша, ер адам құзға өрмелеу аттракционынан құлаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте аттракционнан құлаған жігіттің жағдайы ауыр

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 10 сәуірде жедел жәрдем қызметіне ер адамның биіктен құлап, жарақат алғаны туралы хабарлама түскенін растады.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам комада, жағдайы ауыр.

«Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде науқастың басының маңдай аймағының жыртылғаны анықталды. Хирургиялық ем жүргізілді. Науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Шымкент қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

«2022 жылдың 10 сәуірінде Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондар саябағында орын алған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігімен (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысында жайттың барлық мән-жайы анықталатын болады», делінген хабарламада.