Оқиға • 11 Сәуір, 2022

Қызылордада 10 келі есірткі тасымалдаған адам ұсталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада 10 келі есірткі тасымалдаған Орал қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылордада 10 келі есірткі тасымалдаған адам ұсталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары 9 сәуір күні сағат 04:50-де Самара – Шымкент тас жолының 1 356 шақырымында патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жеңіл көлікті тоқтатқан.

Құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеу барысында көліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі қапқа салынған ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат салмағы 10 келі 160 гр кептірілген марихуана екені белгілі болды, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның Орал қаласының тумасы екені анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.