Қазақстан • 12 Сәуір, 2022

Астаналықтарға жеке куәлік берілгенде саусақ ізі алынады

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жаңашылдық 2023 жылдан бастап енгізілмек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астаналықтарға жеке куәлік берілгенде саусақ ізі алынады

Спикердің айтуынша, алдағы жылы елорда тұрғындарына жеке құжат берілген сәтте саусақ ізі алынады. 

«2023 жылдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарды алған немесе ауыстырған кезде саусақ ізін енгізуді жүзеге асыру жоспарланған. Қазір аталған жаңашылдық Сарыарқа аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында пилоттық режимде жүзеге асып жатыр. Бұл заңсыз құжат қаупін төмендетеді», дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы. 

Сонымен қатар спикер жеке басын куәландыратын құжатты беру механизмі жетілдірілгенін атап өтті. 

«Биыл 3 айдың ішінде 48 мың 744 төлқұжат пен жеке куәлік берілді. Құжаттарды дайындауға кететін уақыт та қысқарды. Яғни жалпы тәртіпке сәйкес 20 жұмыс күні ішінде, ал жеделдетілген тәртіпте 1 және 3 жұмыс күнінде құжат дайын болады», деді басқарма басшысы. 

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Кеше

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Кеше

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Кеше

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Кеше

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Кеше