Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

Жалған доллар сатқан түркістандық ұсталды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда жалған 9300 АҚШ долларын сатқан адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Жалған доллар сатқан түркістандық ұсталды

«Қылмыс жасаған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.