Нұсқаулық Білім және ғылым министрлігінің объектілеріне, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерге қолданылады.
Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар объектілер аумағында терроризм актілерінің жасалуына кедергі келтіретін жағдайлар жасауға, ықтимал террористік қауіптердің салдарын барынша азайтуға немесе жоюға бағытталған.
Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы келесідей реттелетін болады:
1) Объектілерге заңсыз кіруге кедергі жасау:
- объектілерде өткізу режимін орнату және оны мүлтіксіз сақтау;
- объектіге заңсыз енуді анықтауға мүмкіндік беретін құралдармен объектіні инженерлік-техникалық тұрғыдан нығайту.
2) Терроризм актілерін дайындау немесе жасау белгілерін анықтау:
- объектілердегі және жақын маңдағы аумақтарды күдікті адамдар мен заттарды анықтау тұрғысынан бақылау;
- студенттер арасында экстремизмнің алдын алу (құқықтық білім беру, экстремизмге теріс эмоционалды қатынасты қалыптастыру).
- объектілерді инженерлік-техникалық жарақтандыру жоспарында материалдық-техникалық базаны жақсарту.
3) Объектілерде терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу:
- объектілерді күзетуді жүзеге асыру немесе күзет қызметі субъектілерімен шарт жасасу;
- келушілер мен көлік құралдарының объектілерге кіруінің белгіленген тәртібін тұрақты бақылауды ұйымдастыру;
- ұжымда, оның ішінде педагогикалық ұжымда және білім алушыларда қауіпсіздік мәдениетін, терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;
- объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық іс-шараларды бақылау.
4) Объектілерде болуы мүмкін террористік қауіп-қатерлердің салдарын барынша азайту және жою:
- білім беру және ғылым объектілерінің ерекшеліктеріне сай террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге ден қою алгоритмдерін әзірлеу.
- объектіде терроризм актісі жасалған жағдайда уәкілетті органдарды, қызметкерлерді, білім алушыларды уақтылы хабардар етуді, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын олардың іс-әрекеттері бойынша хабардар етуді ұйымдастыру;
- объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын уақытылы жасау.
Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын объектінің бірінші басшысы ұйымдастырады. Басшының бұйрығымен объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ететін тұлға айқындалады.
Бұйрық 2022 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.